Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 797 Бұйрығы
(2011.10.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-117/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.