«Мемлекеттік меншік мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2123 Қаулысы (2014.19.09. берілген өзгерістермен)

Мемлекеттік меншік мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2123 Қаулысы

(2014.19.09. берілген өзгерістермен)

 

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы оның үйлестіруші рөлін күшейту жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1099 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы әкімінің «Қарағандыгипрошахт және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың 90 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік үлесін заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

2) республикалық меншікке берілгеннен кейін осы қаулының 1-тармағында және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті және осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық меншіктегі мүлікті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) қарасты «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттык компаниясы», «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамдарының акциялар пакетінің орнына Қордың меншігіне беруді қамтамасыз етсін;

3) оларды мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген акционерлік қоғамдардың акциялар пакеттерін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 237-35, 237-36, 237-37, 237-38, 237-39, 237-40, 237-41, 237-42-жолдармен толықтырылсын:

«237-35. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

237-36. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

237-37. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

237-38. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

237-39. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

237-40. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

237-41. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

237-42. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы»;

2) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.03.08. № 1018 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2123 қаулысына

1-қосымша

 

 

Республикалық меншікке берілетін, кейіннен Қордың меншігіне

берілетін коммуналдық меншіктегі мүлік

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2123 қаулысына

2-қосымша

 

 

Қор меншігіне берілетін республикалық меншіктегі мүлік