Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряд республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряд мемлекеттік мекемесін филиалдарымен бірге құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 Қаулысы
(2015.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) таратылсын.
2. Орналасқан жері Астана қаласы болып белгіленіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) және осы қаулыға қосымшаға сәйкес оның облыстардағы филиалдары құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнама белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуді;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорынның кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікті мекемеге беруді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 2015.29.09. № 803 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мекеме қызметінің негізгі мәні:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялау;
2-1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функциялары;
3) мемлекеттік органдардың шешімімен жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауыратын жануарларды алып қою және жою;
4) ветеринариялық препараттардың республикалық қорым сақтау болып айқындалсын.
5. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарды қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.