Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 Қаулысы
(2009.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 817 қаулысымен
бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг
жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2007.23.07. № 619 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген өз құзыретіне сәйкес қабылдауға құқығы бар және (немесе) олар әзірлеушілері болып табылатын мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - уәкілетті органдар) заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.
Осы Ереже мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.