Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын
(учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 Қаулысы
(2009.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 6 ақпандағы
№ 72 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкметінің 2006.14.03. № 154 (бұр. ред. қара); 2006.25.05. № 455 (бұр. ред. қара); 2008.15.10. № 954 (бұр. ред. қара); 2009.25.03. № 394 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын
(учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамы
Арал теңізі, Сырдария өзені және Шардара су қоймасы бойынша:
| Ромашов Юрий Төлегенұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, төраға |
| Әбішев Ислам Әлмаханұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) |
| Еламанов Бекмырза Қайыпұлы | - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша)
|
| Тәттібаев Ахмет Өтегенұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасының бастығы |