Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2273 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 3-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2273 қаулысына
қосымша
2009 жылға арналған республикалық
бюджеттен облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне денсаулық сақтауға
бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану
ережесіне 2-қосымша
2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
мың теңге
кестенің жалғасы
мың теңге