«Болашақ халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 589 Бұйрығы

Болашақ халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 589 Бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 бұйрығына (№ 5684 Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдары актілері жинағында жарияланған, 2009 ж., № 6) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжаттарын қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын.

2. Осы бұйрықтың қолданысы белгіленген квота шегінде 2009 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін өткізілетін іріктеу конкурсына қатысқан үміткерлерге қатысты болады.

3. Дамыту стратегиясы департаменті (С. Ырсалиев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Б. Жақыповқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

                                           

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 589 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің «Болашақ»

халықаралық стипендиясын

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.