«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 241 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы 2007 жылғы 23 ақпандағы
№ 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 241 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз - сәуірде Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 25 сәуірде «Заң газеті» газетінің № 62 (1091) санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:

3-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) кредитті өтеудің және сыйақының тәртібі, кезеңділігі;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) кредит бойынша берешекті өтеу кезектілігі, уақтылы өтемегені үшін тұрақсыздық айыбын есептеу тәртібі мен мөлшері және сыйақы төлеу;»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.