ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 842 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.09.10. № 1278 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2315 қаулысымен
бекітілген
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдiк
мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.23.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi - уәкілетті орган) баламасыз негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сонымен қатар мемлекеттік қызмет алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетiледi.
Шалғайда орналасқан елді мекендер тұрғындарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 4-4-бабы 2) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың ережесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында;
2) порталда;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «ХҚКО» РММ) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;
4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес орталықтардың ғимараттарында қойылған стенділерде орналастырылады.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі шетелдік мерзімді басылымдарды осы стандартқа қосылатын 3-қосымшаға сәйкес жасалған нысан бойынша есепке алу туралы анықтаманы қағаз тасығышта беру, сондай-ақ порталда ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысандағы анықтаманы беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
орталыққа өтініш білдірген кезде:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күні iшiнде;
2) тіркеу кезінде мемлекеттік қызметті алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң, сондай-ақ құжаттар алу кезінде рұқсат берiлген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде - он жұмыс күн iшiнде.
8. Мемлекеттiк қызмет тегін көрсетiледi.
Орталыққа өтініш білдірген кезде, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267-ІІ Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, апта сайын алты күн сағат 9.00-дан бастап 20.00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетіледі.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде жүргізіледі, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты сағаттан кем емес.
Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.
дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тиісті жағдайлар көзделген. Орталықта күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдайлар жасалған және күту залы бар, онда толтырылған бланкілердің үлгілері орналастырылған ақпараттық стенділер бар.
Портал арқылы - «жеке кабинетте».
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.23.04. № 387 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынандай құжаттарды тапсыруы тиіс:
Орталыққа жүгінген кезде:
1) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
2) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес өтініш;
3) жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасы (немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі.
Құжаттар пакетін қабылдаған кезде орталықтың қызметкері көшірменің түпнұсқаға сәйкестігін тексереді және түпнұсқасын алушыға қайтарып береді.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын алушының жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметтерін, алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Порталда:
1) алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанына сұрау салу;
2) жеке тұлға үшін - электронды сұрау салуға берілген сканерден өткізілген көшірме түріндегі кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын алушының жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметтерін, алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
12. Алушы орталыққа жүгінген кезде бекітілген нысандағы өтінімдердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электронды сұрау салу нысанын толтыру қажет.
13. Орталықтарда құжаттар қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Порталда электронды сұрау салуды қабылдау алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
14. Орталыққа өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
1) сауалдың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күнi (уақыты) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
Портал арқылы өтініш берілген кезде мемлекеттік қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметтің нәтижесін мемлекеттік қызметті алу күні мен уақытын көрсетіп, мемлекеттік қызметтің көрсету үшін сұрау салудың қабылдағандығы туралы хабарлама - есеп жіберіледі.
15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға орталықтың инспекторы «терезелер» арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
Егер алушы көрсетілген қызметтердің нәтижесін алуға келмеген жағдайда Орталық бір ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін құжаттарды Орталықтың мұрағатына тапсырады.
Портал арқылы - «жеке кабинетте».
16. Мемлекеттік қызметтің алушысы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін тапсырмаған жағдайда Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы Орталықта немесе порталдағы «жеке кабинетте» электронды құжат ретінде осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мерзімде алады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттардың атаулары көрсетілген қолхатты тапсырады.
17. Уәкiлеттi орган және орталық мемлекеттік қызметтерді алушыға қатысты мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) түпкiлiктi әрi толық ақпарат ұсыну;
5) жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын сақтау және құпиялылығы.
18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттік органның жұмысын көрсететін мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін уәкілетті орган осы стандартқа 1-қосымшада байланыс деректері көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына шағымды әзірлеу тәртібін түсіндіріп, оны жасауға жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, Орталық инспекторының іс әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call орталығының (1414) телефонынан алуға болады.
21. Қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым байланыс деректері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
22. Орталықтың қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталықтың немесе «ХҚКО» РМК басшысының атына жолданады, олардың мекен жайы 2-қосымшада, сонымен қатар ресми ақпарат көздері мен Орталықтың үйжайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда ресімделеді. Мемлекеттік қызметті алушы өз шағымында міндетті түрде мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жауап беруге тиіс пошталық мекенжайы;
3) шағымның мәні;
4) жеке қолы мен күні.
Қажет болған жағдайда өз дәлелдемелерін растау үшін мемлекеттік қызметті алушы жазбаша шағымға құжаттар мен материалдарды, немесе олардың көшірмелерін қоса тапсырады.
25. Шағымды екінші данасы не шағымның көшірмесі шағымды қабылдағанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алушы Орталыққа немесе «ХҚКО» РМК-ға жүгінген кезде оның орталықта тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға қосылатын ілеспе хатта қойылады) қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдағанын растау шағымды алғандығы болып табылады.
Уәкiлеттi орган мен орталықтар қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қарастырылады.
26. «ХҚКО» РМК мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың аумағында
таратылатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз
басылымдарын есепке алу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Жергiлiктi атқарушы органдардың мекенжайы