(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2008.30.12 № 633 БҰЙРЫҒЫ

Құжаттар нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 Бұйрығы

 

Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мына нысандар бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәліктері;

2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктері;

3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік салығы, көлік құралдары мен жер салықтарына арналған алым квитанциялары;

4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бюджетке қолма-қол ақшамен төлеу жүзеге асырылуы мүмкін кейбір міндетті төлемдерді уәкілетті мемлекеттік органдар, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер қабылдау үшін қатаң есептілік бланкілері;

5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдануға патент;

6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қызметтің жекелеген түрлері бойынша салық салу объектілерін (салық салуға байланысты) тіркеу карточкалары.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинауға арналған квитанция нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 434 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 171 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1842 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2002 жылғы тамызда № 30, 642 жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.