Салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен
жер салығын жинауға арналған квитанция нысанын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 ж. 16 сәуірдегі № 434,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 ж.
19 сәуірдегі № 171 бірлескен бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2008.30.12. № 633 Бұйрығымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық Кодексі) 21-бабын жүзеге асыру үшін
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинауға арналған квитанция нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Өндірістік емес төлемдер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының