«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 Қаулысы (2010.29.12. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 Қаулысы

(2010.29.12. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):

1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2010 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2010 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2010 жылғы 10 шілдеден және 2011 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.23.06. № 632 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.09. № 987 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 1443 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 2208 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық

саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған

іс-шаралар жоспары

 

 

Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ЭСЖҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)

БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

СӘК - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті

ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

ВАК - Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия