Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________________________
____________________________________________________________________,
(пациенттің Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері) бір тараптан және бұдан әрі Қызмет көрсетуші деп аталатын
__________________________________________________________________________________________________________
(Жарғы, Ереже және т.б) негізінде әрекет ететін
___________________________________________________________________________________________________ атынан
(денсаулық сақтау ұйымының толық атауы)
___________________________________________________________________________________________________ екінші тараптан
(уәкілетті адамның лауазымы, Т.А.Ә.)
мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні
1. Қызмет көрсетуші Шартқа ___ қосымшаға сәйкес
_____________________________________________________________________________________________________________
(медициналық қызметтің түрі мен көлемі) көрсетеді.
2. Медициналық қызмет көрсетудің мерзімі _____________
3. Тапсырыс беруші Шартқа қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Қызмет көрсетушіге шығындарды өтеуді жүзеге асырады.
4. Шарттың сомасы _________________ теңгені құрайды.
2. Ақылы қызметтер көрсеткені үшін өзара есеп айырысу рәсімі
5. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетуші ұсынған шотқа сәйкес іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі бойынша Қызмет көрсетушінің қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
6. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 50 %-ынан аспайтын мөлшерде Қызмет көрсетушіге аванс беруге рұқсат етіледі, қалған сома шотты ұсыну бойынша стационардан шыққан сәтте төленеді.
7. Қажет болған кезде іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі ескеріле отырып, емдеу үрдістерінде шарттың сомасын түзетуге жол беріледі, қосымша сома мен оны төлеу тәсілі пациентпен келісіледі және шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.
8. Қызмет көрсетуші Тапсырыс берушіге қолда бар ақшаны қабылдағанын растайтын құжат (фискалдық чек, кассалық кіріс ордері) береді.
9. Емдеу курсы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда (басқа денсаулық сақтау ұйымына ауысқанда, пациенттің жағдайы жақсарғанда, қайтыс болған жағдайда және т.б.) Қызмет көрсетуші Тапсырыс берушіге науқастың стационарда болудың белгіленген режимін бұзуына орай мерзімінен бұрын шығару жағдайын қоспағанда, төленген сома мен көрсетілген медициналық көмектің іс жүзіндегі құны арасындағы айырманы төлейді.
3. Тараптардың міндеттері
10. Қызмет көрсетуші:
1) лицензияға сәйкес сап алы медициналық көмек көрсетуге;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдістерін, сондай-ақ дәрілік заттарды қолдануға;
3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен террористік актілер жағдайларындағы жұмысты қамтамасыз етуге;
4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат беруге;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтерді сақтауға;
7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға және өз қызметіндегі сабақтастықты сақтауға;
8) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруға;
9) уәкілетті орган және мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіппен және мерзімдерде бастапқы медициналық қүжаттарды жүргізуге, есептерді ұсынуға;
10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы -уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының пайда болу қатері және (немесе) туындауы туралы - төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге;
11) пациенттің емдеу нәтижелеріне қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
12) жүргізіліп жатқан ем шеңберінде осы немесе өзге де қызметтерді көрсетуге арналған жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметті көрсетуді басқа медициналық ұйымда ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
13) көрсетілген медициналық және сервистік қызметтердің түрлерін көрсете отырып, Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде шот ұсынуға;
14) Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін барлық қажетті медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
міндеттерді орындауға міндетті.
11. Тапсырыс беруші:
1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;
3) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста сыйластық пен әдептілік көрсетуге;
4) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
5) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
6) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
7) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Осы баптың 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.
4. Тараптардың құқықтары
12. Тапсырыс берушінің:
мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш жасауға;
дәрігерді немесе медициналық ұйымды алмастыруды таңдауға;
өзінің денсаулығы жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізуге;
өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат денсаулық сақтау ұйымдарының көрнекі үгіт орындарда орналастырылуға тиіс;
диагностика, емдеу және күтім жасау үдерісінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
13. Қызмет көрсетушінің:
штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;
бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;
өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
5. Тараптардың жауапкершілігі
14. Қызмет көрсетуші ақылы қызметтер көрсету бойынша жол берілген тәртіп бұзушылық жағдайлары үшін (медициналық қызметтерді тиісті көлемде және сапада көрсетпеу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін қызметтер үшін азаматтардан ақы алу, нақ сол медициналық қызметті көрсеткені үшін екі рет: пациенттен және бюджет қаражатынан ақы алу) жауапты болады.
15. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.
16. Қызмет көрсетуші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Қызмет көрсетушінің Шарт сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
17. Тапсырыс беруші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Тапсырыс берушінің Шарт сомасының 00,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
6. Шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату
18. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
19. Шартты мерзімінен бұрын бұзу ниеті туралы тараптар бір-бірін алдын ала хабар дар етуге міндетті.
7. Қорытынды ережелер
20. Тараптардың бірде-бірі өздерінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін екінші тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
21. Осы Шарт бірдей заң күші бар екі данада жасалған, бір данасы -Тапсырыс берушіде, екіншісі Қызмет көрсетушіде болады.
22. Осы Шарт тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар осы Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаған сәтке дейін қолданылады.
8. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері: