Қазақстан Республикасындағы орфандық (сирек қолданылатын) дәрілік заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 831 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 285 бұйрығымен күші жойылды
Сирек аурулардан зардап шегетін науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес орфандық (сирек қолданылатын) дәрілік заттардың тізбесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармалары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдар (Формулярлық комиссиялар) осы бұйрықты басшылыққа қабылдасын және практикалаушы мамандарға хабарласын.
3. Қазақстан Республикасының дәрілік заттарының мемлекеттік тізілімінде жоқ болған жағдайда осы бұйрықпен бекітілген дәрілік заттарды сатып алуға және медициналық практикада пайдалануға рұқсат етіледі.
4. Орфандық (сирек қолданылатын) дәрілік заттарды пайдалану туралы шешімді денсаулық сақтау ұйымының формулярлық комиссиясының ұсынымы бойынша денсаулық сақтау ұйымының басшысы (немесе бөлімше меңгерушісі) қабылдайды.
5. Қазақстан Республикасының тізілімінде тіркелмеген осы бұйрықпен бекітілген дәрілік заттарды әкелуге (бір рет) рұқсатты заңнамада белгіленген тәртіппен дәрілік заттардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган береді.
6. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.