§ 4. Дебиторлық берешекті жіктеу ерекшеліктері
41. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін іске асыру салдарынан және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) Ұйымның басқару органының шешімдеріне сәйкес пайда болған дебиторлық берешекті қоспағанда, дебиторлық берешек күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерге жатқызылмауға тиіс. Бұл ретте дебиторлық берешек деп Ұйымның жедел, қайтарымдылық және өтеусіз (процентсіз) негізде қарыздар (кредиттер) беруі салдарынан және (немесе) Ұйымның шартты міндеттемелерді орындауы салдарынан туындаған берешек түсініледі.
42. Дебиторлық берешекті өтеу мерзімін куәландыратын құжаттармен расталмаған дебиторлық берешек пайда болған жағдайда, мұндай дебиторлық берешек мерзімі өткен деп саналады және осы Ереженің талаптарына сәйкес пайда болған сәттен бастап он күнтізбелік күн өткен соң жіктелуге жатқызылады.
43. Дебиторлық берешекті өтеудің мерзімі өткен жағдайда дебиторлық берешек «Өтеу мерзімінің өтуі» және «Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингтің болуы» өлшемдері бойынша жіктеледі.
44. Дебиторлық берешекті өтеудің мерзімі өткен жағдайда және егер бір дебитор есебінен дебиторлық берешек Ұйым меншікті капиталының 5 (бес) процентінен астамды құраса, дебиторлық берешек «Қаржылық жағдай», «Өтеу мерзімінің өтуі» және «Қарыз алушыда (борышкерде) рейтингтің болуы» өлшемдері бойынша жіктеледі.
§ 5. Шартты міндеттемелерді жіктеу ерекшеліктері
45. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган ұсынымдарының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін іске асыру салдарынан және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) Ұйымның басқару органының шешімдеріне сәйкес пайда болған шартты міндеттемелерді қоспағанда, шартты міндеттемелер күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерге жатқызылмауға тиіс.
46. Олар бойынша ақша түрінде өтелуі бар және Ұйым бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарында көрсетілген міндеттемелерді қоспағанда, Ұйымның шартты міндеттемелері жіктелуге жатады.
47. Қарыз алушының (борышкердің) қаржылық жағдайы нашарлаған және (немесе) сыйақы төлеуде кідіріс болған жағдайда шартты міндеттеме «Қаржылық жағдай» және «Өтеу мерзімінің өтуі» өлшемдері бойынша жіктеледі.
48. Ұйым шарт талаптарынан туындайтын өз міндеттемелерін орындау кезінде туындайтын талаптар, егер шартта оны қарызға (кредитке) қайта ресімдеу көзделмесе, міндеттемелер сомасына дебиторлық берешек қайта ресімделеді.
§ 6. Өзге де активтерді жіктеу ерекшеліктері
49. Ұйымның бағалы қағаздар қоржынында орналасқан бағалы қағаздар бойынша талаптар мен мынадай тиісті анықтамаларды күмәнді және (немесе) үмітсіз активке жатқызуға болмайды:
Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес халықаралық рейтингісі бағасы бар немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzAAA»-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас рейтингі бар эмитенттер акциялары.
50. Ұйым инвестициялары (салымдары) заңды тұлғаның акцияларына (жарғы капиталындағы қатысу үлесі), сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар күмәнді және (немесе) үмітсіз активке жатқызуға болмайды.
3. Активтер мен шартты міндеттемелерді (инвестициялық
қарыздарды (кредиттерді) және олармен байланысты шартты
міндеттемелерді, сондай-ақ біртекті қарыздар (кредиттер)
қоржынына енгізілген қарыздарды (кредиттерді) қоспағанда)
жіктеген кезде өлшемдерді пайдалану ерекшелігі
§1. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе
талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс
беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық
басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаларға арналған
өлшемдерді пайдалану ерекшелігі
51. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар активтер мен шартты міндеттемелерді (инвестициялық қарыздарды (кредиттерді) және олармен байланысты шартты міндеттемелерді, сондай-ақ біртекті қарыздардың (кредиттердің) қоржынына енгізілген қарыздарды (кредиттерді) қоспағанда) жіктеген кезде осы Ережеге 1-қосымшаның 1, 4-кестелері қолданылады.
52. Қарыздарды (кредиттерді) жіктеген кезде осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесінің 1-5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
53. Депозиттерді жіктеген кезде осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесінің 1, 2, 5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
54. Дебиторлық берешекті, бағалы қағаздарды жіктеген кезде Ұйымның бағалы қағаздар қоржынында орналасқан акцияларды жіктеуді қоспағанда, осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесінің 1, 2, 5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
55. Ұйымның бағалы қағаздар қоржынында орналасқан акцияларды жіктеген кезде осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесінің 1 және 5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
56. Шартты міндеттемелерді жіктеген кезде осы Ережеге 1-қосымшаның 1-кестесінің 1, 2, 5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
57. Активтің (шартты міндеттеменің) жіктеу санаты активті (шартты міндеттемені) бағалау баллдарының жалпы санын негізге ала отырып, тиісті өлшемдер бойынша анықталады.
58. Провизиялар (резервтер) осы Ережеге 1-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес жіктеу санатын ескере отырып және тиісті мөлшерлерде анықталады.
Салық салу мақсатында осы Ережеге сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) мына формула бойынша анықталатын коэффициентте түзетіледі:
Т
К = ------ мұндағы,
ЖЖТ
К - коэффициент,
ЖЖТ - түзетулерді ескере отырып салық кезеңі ішіндегі жылдық жиынтық табыс,
Т - салық кезеңі ішінде жиынтық жылдық кіріске қосылған (қосылуға жататын) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және (немесе) Ұйымның Директорлар кеңесінің шешімі және (немесе) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңы нәтижесінде пайда болған активтер бойынша алынған кірістер. Осы көрсеткіш Салық кодексінің 99-бабына сәйкес жиынтық жылдық кірістен алынып тастауға жататын кірістерді қамтымайды.
59. Қарыз алушының (борышкердің, қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес айқындалады
60. Қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның, жеке тұлғаның қызметі:
1) тұрақты - қарыз алушының (тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы тұрақты; төлем қабілеті бар, қаржы тасқындары қарызға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді; 3-қосымшаға сәйкес есептелген коэффиценттердің қолайлы маңызы; бизнесті дамытуға оң нарықтық шарттар бар; нарықта жақсы бәсеке позициясы бар; ресурстар мен капитал нарығына еркін қол жеткізеді, саны шектелген жеткізушілерге тәуелділігі жоқ, шарттың қолданыс мерзімі кезінде қарыз алушының тең қарыз алушының қаржылық жағдайын нашарлатуға мүмкіндік беретін ішкі және сыртқы факторлар анықталған жоқ, қарыз алушының Ұйыммен өзінің міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі күмән тудырмайды, мерзімі бойынша активтер мен міндеттемелері шамалас; қарыз алушы (тең қарыз алушы) оң кредиттік тарихқа ие;
2) қанағаттанарлық - «тұрақты» сипаттамасына жақын осы санаттағы қарыз алушының (тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы, бірақ, оның осы деңгейде ұзақ уақыт бойына ұстап тұру ықтималдылығы төмен болып табылады; 3-қосымшаға сәйкес есептелген коэффиценттердің қолайлы маңызы; кірістердің, төлем қабілеттілігінің деңгейінің төмендеуі байқалды; динамикада ақша ағындарының елеусіз азаюы байқалды, ақша ағындары борыштың негізгі бөлігін жапты; қарыз алушы (тең қарыз алушы) өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін шаралар қабылданады; жеткізушінің тауарларын, қызмет көрсетулерін және қарыз алушы тең қарыз алушы өнімдерін тұтынушылардың шоғырлануының ең төменгі тәуекелі жоқ; қарыз алушының (тең қарыз алушының) қосымша ресурстарға қол жетімділігі бар болуына байланысты Ұйыммен өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуға қабілеттілігі күмән туғызбайды;
3) тұрақсыз - қарыз алушы (тең қарыз алушы) өз міндеттемелері бойынша мынадай факторлардың байқалуына байланысты Ұйыммен есептесе алмайды деген толық ықтималдық бар: қарыз алушының (тең қарыз алушының) тұрақты және елеулі қаржылық жағдайының нашарлау белгілері бар; шығынмен жұмыс істеу, төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі, нарықтық үлесінің тұрақты түрде азаюы; сонымен бірге қарыз алушының өз қаржылық жағдайын тұрақтандыруына және жақсартуына сенім жоқ; қарыз алушының (тең қарыз алушының) Ұйым алдындағы өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмау ықтималдылығы жоғары; қарыз алушыға 1 жылдан астам емес мерзімге санация жарияланған; қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) материалдық зиян шектірген, бірақ оның қызметін тоқтатпаған төтенше жағдай, сондай-ақ басқа жағдай орын алған; қарыз алушының (тең қарыз алушының) кредиттік досьесі немесе қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауға қажетті мәліметтер жоқ;
4) өте қиын - қарыз алушы (тең қарыз алушы) өз міндеттемелері бойынша мынадай факторлардың байқалуына байланысты Ұйыммен есептесе алмайды деген толық ықтималдық бар: 3-қосымшада көрсетілген барлық көрсеткіштер бұзғандығы расталатын қарыз алушының (тең қарыз алушының) қаржылық жағдайының тұрақты нашарлауы шиеленісті деңгейге жетті; нарықтық позициясын жоғалту; қарыз алушының теріс меншік капиталының болуы; қарыз алушыға 1 жылдан астам мерзімге санация жариялануы; қарыз алушының банкрот деп танылуы; қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) материалдық зиян шектірген және/немесе оның өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше жағдай бар. Ұйымның ішкі нормативтік құқықтық құжаттарында белгіленген тәртіппен кредиттеу бойынша құжаттаманы жүргізу талаптарына сәйкес кредиттік мониторинг бойынша құжаттаманың жоқтығы деп жіктеледі.
Дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы шоғырландырған негізде ұлттық басқарушы холдингтің қаржылық жағдайына қарағанда төмен жіктелмейді.
61. Қамтамасыз ету сапасы былайша жіктеледі:
1) сенімді - жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 100 процент міндеттемелерін жабатын өтімділігі жоғары қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарыз (кредит) пайдалануға сыйақы алуға қажетті, сондай-ақ жеңілдік берілген кезеңдегі сыйақы бойынша, егер мұндай жеңілдікті Ұйым берсе), мыналар түрінде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктер (кепілдемелері);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары; заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «А» тобынан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «А-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері; кредитор банктің депозитіндегі ақша кепілі;
мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің Үкіметтері және орталық банктері шығарған, Standard & Poor's агенттігі берген «А-» тобынан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздар;
монетарлық қымбат бағалы металдар;
Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты эмитенттерінің вексельдері;
Standard & Poor's агенттігі берген «А» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалардың кепілдіктері (кепілдемелері);
2) жақсы - осы тармақшада санамаланған қамтамасыз етуден тұратын және жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 90 процент міндеттемелерін жабатын қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін сыйақы алуға қажетті, сондай-ақ жеңілдік кезеңіндегі сыйақы бойынша, егер осындайды Ұйым ұсынса).
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етуді бағалау кезінде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған үқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз етуге 0,9 коэффициент;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз етудің нарықтық құнына 0,7 коэффициент;
3) қанағаттанарлық - осы тармақшада санамаланған қамтамасыз етуден тұратын және жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 60 процент міндеттемелерін жабатын қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін сыйақы алуға қажетті, сондай-ақ жеңілдік берілген кезең үшін сыйақы бойынша, егер осындайды Ұйым ұсынса).
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етуді бағалау кезінде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған үқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрінде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері түрінде қамтамасыз етуге 0,8 коэффициент;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз етудің нарықтық құнына 0,7 коэффициент;
мыналар:
қарыз алушының дебиторлық берешегі;
қарыз алушының және/немесе кепілгердің жылжымалы мүлкі түрінде қамтамасыз етуге 0,6 коэффициент;
4) қанағаттанарлықсыз - осы тармақшада санамаланған қамтамасыз етуден тұратын және жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 50 процент міндеттемелерін жабатын қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ жеңілдік берілген кезең үшін сыйақы бойынша, егер осындайды Ұйым ұсынса).
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етуді бағалау кезінде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрінде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері түрінде қамтамасыз етуге 0,8 коэффициент;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз етудің нарықтық құнына 0,7 коэффициент;
мыналар:
қарыз алушының дебиторлық берешегі;
қарыз алушының және/немесе кепілгердің жылжымалы мүлкі;
айналымдағы тауарлар түрінде қамтамасыз етуге 0,6 коэффициент;
5) қамтамасыз етусіз - осы тармақшада санамаланған қамтамасыз етуден тұратын және жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 50 процент міндеттемелерін жабатын қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін алуға қажетті сыйақы, сондай-ақ жеңілдік берілген кезең үшін сыйақы бойынша, егер осындайды Ұйым ұсынса).
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етуді бағалау кезінде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor's агенттігі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі берілген «ВВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрінде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері түрінде қамтамасыз етуге 0,8 коэффициент;