Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2275 қаулысымен
бекітілген
Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін
акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді
(кредиттік серіктестіктердің а ктивтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз
активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы
бар заңды тұлғалардың тізбесі
1. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2275 қаулысымен
бекітілген
Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін
акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді
(кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз
активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар
заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру ережесі
Осы Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 106-бабының 4-тармағына (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.
1. Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін (бұдан әрі - тізбе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, бұл ретте тиісті қаулының жобасын ұлттық басқарушы холдингтің қолдаухаты бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі енгізеді.
2. Тізбеге қосу үшін заңды тұлға мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі осындай заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті;
2) заңды тұлғаның негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылады;
3) заңды тұлға Салық кодексінің 106-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеуші болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2275 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып
алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі,
өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген
активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа)
қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі
шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың активтер мен шартты міндеттемелерді
күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібі мен талабын анықтайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мынадай мәнге ие:
1) активтер - барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар;
инвестициялық қарыз (кредит) - мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз (кредит):
қарыздың (кредиттің) мерзімі бес және одан артық жылды құрайды;
қарыз (кредит) шартының талаптарында мерзімінен бұрын толық өтеуге тыйым салу белгіленген.
қарыз (кредит) ішінара өтелген жағдайда, ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін;
қарыз (кредит) материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейтін оның бизнес-жоспарына сәйкес заңды тұлғаға беріледі;
3) қарыз (кредит) - Ұйымның қарыз, лизинг операцияларын жүзеге асыруы;
4) кредиттік тәуекел - борышкердің (дебитордың) Ұйым алдындағы актив және шартты міндеттемелер жөніндегі міндеттемелерді шарттың талаптарына сәйкес орындамауы не тиісінше орындамауы не осындай орындамаудың (тиісінше орындамаудың) нақты қауіпінің болуы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
5) Ұйым - ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;
6) біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны - Біртекті қарыздарды (кредиттерді) жіктеу тәртібі мен шарттары туралы Ұйымның ішкі ережесіне сәйкес бір топқа енгізілетін біртекті қарыздардың (кредиттердің) тобы;
7) провизиялар (резервтер) - нақты активтің құнын жоғалтуға душар болуын тану, ал шартты міндеттеме жағдайында - Ұйымның өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі немесе активтердің (шартты міндеттемелердің) жиынтығы бойынша шығынға душар болуын тану;
8) қамтамасыз ету құны - бағалау сәтінде оны өткізу (сату) мүмкіндігі ескеріле отырып, ағымдағы сәттегі қамтамасыз етудің нарықтық (әділ) бағасы;
9) активті (шартты міндеттемені) қайта жіктеу - бұрын қалыптастырылған провизия (резерв) сомасы мен қайта жіктеу жүргізілгеннен кейінгі қажетті провизия (резерв) сомасының арасындағы айырма сомаларына ұлғаю немесе азаю жағына провизиялар (резервтер) сомаларының оған қарсы тиісті өзгерістерімен бұрын жіктелген активті (шартты міндеттемені) жіктеу;
10) шартты міндеттеме - Ұйым борышкер (қарыз алушы) үшін үшінші тұлғалардың пайдасына қабылдаған және борышкердің (қарыз алушының) шарт талаптарынан туындайтын кредиттік тәуекелдерін көтеретін міндеттеме.
Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу мен күмәнді және
үмітсіз активтер мен шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар
(резервтер) қалыптастыру ерекшеліктері
3. Провизияларды (резервтерді) Ұйым активтер мен шартты міндеттемелер құнсызданған кезде - актив және шартты міндеттеме кредиттік тәуекелдің іске асырылуы салдарынан құнын жоғалтқан кезде қалыптастырылады.
4. Активті және шартты міндеттемені жіктеу, оларды Ұйымның бухгалтерлік есебінде көрсету Ұйым мен оның борышкері (дебиторы) арасындағы шарт талаптарын өзгертпейді, оның ішінде Ұйымның талап етудің (борыштың) негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны, сондай-ақ борышкердің (дебитордың) шарт талаптарын бұзғаны үшін айыппұлды, өсімпұлды толық көлемде алу құқығына әсер етпейді.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдер бойынша талаптарды қоспағанда, активтер мен шартты міндеттемелер жіктелуге тиіс.
6. Егер қарыз алушы (борышкер, бірлесіп қарыз алушы) салық заңнамасына сәйкес анықталған жеңілдетілген салық салынатын мемлекетте тіркелген адам не салық заңнамасына сәйкес анықталған жеңілдетілген салық салынатын мемлекетте тіркелген адамнан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жеңілдетілген салық салынатын мемлекетте тіркелген адамға қатысы бойынша тәуелді немесе еншілес адамнан активтер мен шартты міндеттемелер бойынша борышты талап ету құқығын Ұйым сатып алған жағдайларды қоспағанда, салық заңнамасына сәйкес анықталған жеңілдетілген салық салынатын мемлекетте тіркелген адамға қатысы бойынша тәуелді немесе еншілес тұлға болып табылса, осы ереже қолданылмайды.
7. Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу (қайта жіктеу) және провизиялар (резервтер) қалыптастыру:
осы Ереженің және Ұйымның ішкі нормативтік құжаттарының талаптары сақталған;
активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру мақсатында кешенді және объективті талдау жүргізуге мүмкіндік беретін толық және сенімді ақпарат болған кезде жүзеге асырылады.
8. Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу (қайта жіктеу) және провизиялар (резервтер) қалыптастыру осындай жіктеудің уақтылылығы мен провизиялар (резервтер) мөлшері өзгерістерінің Ұйымның есебі мен есептілігінде көрсетілуінің дұрыстығы қағидатына негізделеді.
9. Активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелген болып бөлінеді.
10. Жіктелген актив ол бойынша шарттың талабы орындалмайтын не ол бойынша талап толық көлемде орындалмайды немесе мүлде орындалмайды деп пайымдауға негіз болатын активті білдіреді.
11. Жіктелген шартты міндеттеме ол бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына борышкер үшін қабылданған және шарттың талаптарынан туындайтын кредиттік тәуекелдерді көтеретін Ұйымның өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі бар шартты міндеттемені білдіреді.
12. Жіктелуге жатпайтын активтер пен шартты міндеттемелер стандартты болып табылады.
13. Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер мынадай санаттарға бөлінеді:
күмәнді;
үмітсіз.
14. Ұйымның жіктелген активтері мен шартты міндеттемелері бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшері осы Ереженің 62-тармағының 1) тармақшасында белгіленген өтімділігі жоғары қамтамасыз ету тізбесі бойынша өтімділігі жоғары қамтамасыз ету құнына азайтылған негізгі борыштың (талаптың) сомасынан есептеледі.
15. Активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді (қайта жіктеуді) Ұйым ай сайын барлық активтер мен шартты міндеттемелер бойынша және айдың соңғы жұмыс күніне дейін жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жіктеу (қайта жіктеу) жүргізудің белгілі бір күніндегі жай-күй бойынша жүргізіледі.
16. Біртекті қарыздардың (кредиттердің) қоржынын жіктеуді (қайта жіктеуді) Ұйым біртекті қарыздардың (кредиттердің) барлық қоржындары бойынша және жіктеуді (қайта жіктеуді) жүргізудің белгілі бір күніндегі жағдай бойынша тоқсанның соңғы жұмыс күніне дейін жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүргізеді.
17. Ұйым провизиялардың (резервтердің) шығыстары мен тиісті шоттарындағы провизиялардың (резервтердің) осы Ережеге сәйкес есептелген мөлшерін бухгалтерлік есепте көрсетеді.
18. Ұйымдардың қарыз алушылардың (борышкерлердің) кредит төлеу қабілеттілігін талдау кезінде, оның ішінде қарыз алушының қаржылық жағдайын және кепіл құнын бағалау кезінде қолданылатын өлшемдер, сондай-ақ провизиялар (резервтер) құру жөнінде шешім қабылдау және оны орындау рәсімдері осы Ережемен, сондай-ақ Ұйымның кредит, инвестициялық және есеп саясатын айқындайтын ішкі құжаттарымен регламенттеледі.
§ 1. Осы Ереженің 27-44-тармақтарында көзделген қарыздарды
(кредиттерді) қоспағанда, қарыздарды (кредиттерді) жіктеу
ерекшеліктері
19. Мыналарды:
Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган ұсынымдарының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша және (немесе) Ұйымның басқару органының шешімі бойынша ұсынылған бланкілік қарызды (кредитті);
бір мезгілде мынадай:
осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін ұсынылған;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұсынылған және (немесе) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган ұсынымдарының негізінде Ұйымның уәкілетті органының шешімі бойынша ұсынылған шарттарға жауап беретін бланкілік қарызды (кредитті) қоспағанда, бланкілік қарыздар (кредиттер) күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерге жатқызылмауға тиіс.
20. Егер:
кредит берудің жалпы мерзімін ұзарту қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты болмаса және (немесе) қарыз алушыда Ұйым алдында мерзімі өткен және (немесе) шығысқа шығарылған борышы, бірақ бір реттен артық болмаса;
шарт (бас келісімдер шеңберінде жасалған шарттарды қоса алғанда) бойынша төлемдер мерзімін өзгерту қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты болмаса және (немесе) қарыз алушыда Ұйым алдында мерзімі өткен және (немесе) шығысқа шығарылған борышы (қарызды (кредитті) мерзімінен бұрын өтеуге байланысты кестелердің өзгеруі ескерілместен), бірақ үш реттен артық болмаса мерзімін ұзарту мөлшерін айқындау мақсатында мерзімін ұзартудың болуы ескерілмейді.
21. Мынадай:
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан (тіркелген) тауарлар, жылжымайтын, жылжымалы мүлік;
Ұйыммен келісім бойынша жүргізілген ауыртпалықтарды қоспағанда, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық артылған мүлік;
мемлекеттік орган салған шектеуі бар мүлік түрінде қамтамасыз ету қабылданған қарыз (кредит) қамтамасыз етілмеген деп танылады.
22. Қарыз алушыларға шетелдік валютада берілген қарыздар (кредиттер) бойынша, қарыз алушы тарапынан тиісті хеджирлеу құралдары көзделмеген валюталық тәуекелдер бойынша «Қаржылық жағдай» өлшемінің жіктеу санаты бір жіктеу санатына төмендейді.
§ 2. Депозиттерді жіктеу ерекшеліктері
23. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) Ұйымның басқару органының шешімдеріне сәйкес орналастырылған депозитті қоспағанда, депозиттер күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерге жатқызылмауға тиіс.
24. Standard & Poor's агенттігі берген А тобының рейтингінен төмен емес жеке рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас рейтингі не Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір деңгейінен кем емес жеке рейтингі бар шетел банкінде не Қазақстан Республикасының резидент банкінде орналастырылған (ашылған) депозит (оның ішінде ағымдағы шоты) қаражатты депозиттен, оның ішінде ағымдағы шоттан аудару бойынша кешіктіру болмаған жағдайда стандартты ретінде жіктеледі.
25. Ұйым Standard & Poor's агенттігінің А тобының рейтингінен төмен емес жеке рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас рейтингі бар шетел банкінде депозитін орналастырған ағымдағы шотын ашқан жағдайда Ұйым құжаттамалық расталған деректер негізінде жарты жылда бір реттен кем емес уақытта олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
26. Standard & Poor's агенттігінің А тобының рейтингінен төмен емес жеке рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас рейтингі бар не Қазақстан Республикасының резидент банкінде Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір позициясынан төмен тәуелсіз рейтингі бар шетел банкінде депозит орналастырған не ағымдағы шот ашқан жағдайда Ұйым құжаттамалық расталған деректер негізінде тоқсанына бір рет олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.
§ 3. Біртекті қарыздарды (кредиттерді) жіктеу ерекшеліктері
27. Ұйымның ішкі кредиттік саясатында анықталған шарттарда берілген және бір қарыз алушыға тәуекелді бағалау күніндегі мөлшері жиынтығында Ұйымның меншікті капиталы шамасының 0,02 проценттен аспайтын қарыздар (кредиттер), егер осы Ереженің 32-тармағында өзгеше белгіленбесе, біртекті қарыздардың (кредиттердің) қоржынына қосылады.
28. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген және жобаларды Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғыртуға және әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес іске асыратын заңды тұлғаларға берілген қарыздар (кредиттер) біртекті қарыздардың (кредиттердің) қоржынына қосылмайды.
29. Ұйым біртекті қарыздардың (кредиттердің) қоржыны бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыру туралы шешім қабылдаған кезде Ұйымның ішкі кредиттік саясатында мыналар көзделуге тиіс:
қолданылатын біртектілік белгілерінің тізбесі,
топтау жүргізу тәртібі, әдістері, мерзімдері,
мониторинг жүргізу тәртібі,
провизияларды (резервтерді) жіктеу (қайта жіктеу) және қалыптастыру, олардың мөлшерін оларға қарсы ұлғайту немесе өзгерту жағына өзгерту әдістемесі мен рәсімдері.
30. Қарыздардың (кредиттердің) біртектілігінің белгілері мыналар болуы мүмкін:
қарыз алушының түрі;
кредит беру технологиясы;
беру мақсаты;
қамтамасыз ету түрі;
кредит беру мерзімі;
Ұйымның ішкі кредиттік саясатымен анықталған әр түрлі кредит беру бағдарламалары бойынша өзге де белгілер.
Мыналар біртектілік белгілері болмайды:
мерзімі өткен борыштардың болуы немесе болмауы;
мерзімі өткен борыштар күндерінің саны;
жеке алынған қарыздар (кредиттер) бойынша кредиттік тәуекелдер деңгейі;
мерзімін ұзартулар саны.
31. Әдістеме біртекті қарыздарды (кредиттерді) күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін анықтауға тиіс.
32. Ұйым Ұйымның ішкі кредиттік саясатында көрсетілген біртектілік белгілерін иеленетін қарыздарды (кредиттерді) Ұйымның ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен біртекті қарыздардың (кредиттердің) қоржынына енгізбеуге құқылы.
33. Қарызды (кредитті) біртекті деп тану, сондай-ақ қарызды (кредитті) біртекті қарыздардың (кредиттердің) қоржынына енгізу шарт талаптарының негізінде оған қол қойылған күні жүргізіледі.
34. Шартқа қол қойылғаннан кейін осы Ереженің 35-тармағында көзделгеннен басқа кез келген талап өзгерген кезде біртекті қарыздардың (кредиттердің) қоржынын қайта топтауды өзгертуге әкеп соқтырмайды.
35. Егер қарыздың (кредиттің) тәуекелді бағалау күніндегі мөлшері Ұйымның меншікті капиталы шамасының 0,02 процентіне тең болса немесе одан асса, қарызды (кредитті) біртекті деп тану тоқтатылады.
36. Олар бойынша біртекті деп тану тоқтатылған, сондай-ақ біртекті қарыздардың (кредиттердің) тобына енгізілмеген қарыздар (кредиттер) осы Ереженің 51-61-тармақтарына сәйкес жіктеледі.
37. Ұйымның біртекті қарыздар (кредиттер) бойынша тәуекеліне баға беру әдістемесі жалпы алғанда жекелеген қарыздар (кредиттер) сапасының кемуіне және мұндай қарыздардың (кредиттердің) қоржыннан алынуына байланысты провизиялар (резервтер) мөлшерінің өсуін көздемеуі тиіс.
38. Егер біртекті қарыздар (кредиттер) қоржынына енгізілген 30 (отыз) және одан артық күндік мерзімі бар мерзімі өткен борыштардың мөлшері (проценттік үлесі) біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны бойынша іс жүзінде құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерінен артық болса, онда Ұйым құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшері мен 30 (отыз) және одан артық күн мерзімімен мерзімі өткен борыштардың мөлшері арасындағы айырма сомасына провизияларды (резервтерді) қосымша қалыптастырады.
39. Біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны бойынша активтердің жіктемелік санаты осы Ережеге 1-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес анықталады.
40. Ұйым тоқсанына кемінде бір рет біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны бойынша кредиттік досьеге қоржынға жүргізілген талдау және оның нәтижелері туралы ақпаратты құжаттамалық ресімдейді, оның ішінде ұйымның біртекті қарыздар (кредиттер) қоржыны бойынша кредиттік тәуекел мөлшері туралы тұжырымдарын, сондай-ақ провизиялардың (резервтердің) есебі туралы ақпаратты енгізеді.