Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз етудің нарықтық құнына 0,7 коэффициент;
мыналар:
қарыз алушының дебиторлық берешегі;
қарыз алушының және/немесе кепілгердің жылжымалы мүлкі;
болашақта түсетінді қоспағанда, айналымдағы тауарлар (төлем аккредиттелген операциялар бойынша жүзеге асырылатын сол тауарлардан басқа) түрінде қамтамасыз етуге 0,6 коэффициент.
62. Ұйымның қамтамасыз ету сапасы мынаны қолдана отырып, қамтамасыз етудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері бойынша анықталады:
жылжымайтын мүлік бойынша - Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен қарыз алушы және (немесе) кепілгер арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау туралы есепте анықталған жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;
өзге қамтамасыз ету бойынша - Ұйымның ішкі нормативтік құжатына сәйкес анықтаған құн.
63. Кредиттеу күнінен бастап кезең ішінде, сондай-ақ төлемді өтеудің бірінші мерзімі болғанға дейінгі кезеңде мерзімі 7 (жеті) және одан астам жұмыс күні мерзімі өткен төлемдер болған кезде (төлемдерді мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда) минус 1 балл мөлшерінде «жіктелетін актив бойынша төлемдерді өтеуде мерзімі өткен төлем жоқ» жіктеу санатын бағалау қолданылмайды, 0 балл бағасы қолданылады.
§ 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға берілген қарыздарды (кредиттерді) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг үшін өлшемдерді пайдалану ерекшелігі
64. Активтер мен шартты міндеттемелерді (инвестициялық қарыздарды (кредиттерді) және олармен байланысты шартты міндеттемелерді, біртекті қарыздар (кредиттер) портфеліне енгізілген қарыздарды (кредиттерді), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға берілген қарыздарды (кредиттерді) қоспағанда) жіктеу кезінде ұлттық басқарушы холдинг осы Ережеге 1-қосымшаның 2, 4-кестелерін пайдаланады.
65. Қарыздарды (кредиттерді) жіктеу кезінде осы Ережеге 1-қосымшаның 2-кестесінің 1-4-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
66. Депозиттерді жіктеу кезінде осы Ережеге 1-қосымшаның 2-кестесінің 1, 2, 4-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
67. Бағалы қағаздарды, дебиторлық берешекті жіктеу кезінде Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды жіктеуді қоспағанда, осы Ережеге 1-қосымшаның 2-кестесінің 1, 2, 4-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
68. Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды жіктеу кезінде осы Ережеге 1-қосымшаның 2-кестесінің 1 және 4-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
69. Шартты міндеттемелерді жіктеу кезінде осы Ережеге 1-қосымшаның 2-кестесінің 1, 2, 4-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
70. Активтің (шартты міндеттеменің) жіктелу санаты тиісті өлшемдер бойынша активті (шартты міндеттемені) бағалау балының жалпы саны ескеріле отырып анықталады.
71. Провизиялар (резервтер) осы Ережеге 1-қосымшаның 4-кестесіне сәйкес жіктеу санатын ескере отырып және тиісті мөлшерлерде анықталады.
Салық салу мақсатында осы Ережеге сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) мына формула бойынша анықталатын коэффициентте түзетіледі:
Т
К = ------ мұндағы,
ЖЖТ
К - коэффициент,
ЖЖТ - түзетулерді ескере отырып салық кезеңі ішіндегі жылдық жиынтық табыс,
Т - салық кезеңі ішінде жиынтық жылдық кіріске қосылған (қосылуға жататын) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін және (немесе) Ұйымның Директорлар кеңесінің шешімін және (немесе) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру нәтижесінде пайда болған активтер бойынша алынған кірістер. Осы көрсеткіш Салық кодексінің 99-бабына сәйкес жиынтық жылдық кірістен алынып тастауға жататын кірістерді қамтымайды.
72. Қарыз алушының (борышкердің, қосалқы қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Ереженің 59-тармағында белгіленген тәртіппен анықталады.
73. Қамтамасыз ету сапасы осы Ереженің 61-62-тармақтарында белгіленген тәртіппен жіктеледі.
§ 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын
заңды тұлғаларға ұлттық басқарушы холдинг берген қарыздарды (кредиттерді) жіктеу өлшемдерін пайдалану ерекшелігі
74. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға ұлттық басқарушы холдинг берген қарыздарды (кредиттерді) жіктеу кезінде осы Ережеге 1-қосымшаның 3-4-кестелері пайдаланылады.
4. Инвестициялық қарыздарды (кредиттерді) және олармен
байланысты шартты міндеттемелерді жіктеу ерекшелігі
§ 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым
салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын
заңды тұлғаларға берілген инвестициялық қарыздарды (кредиттерді) қоспағанда, инвестициялық қарыздарды
(кредиттерді) және олармен байланысты шартты міндеттемелерді жіктеу өлшемдерін пайдалану ерекшелігі
75. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталған және Қазақстан Республикасының экономикасын оның басым салаларында жаңғырту мен әртараптандыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға берілген инвестициялық қарыздарды (кредиттерді) және шартты міндеттемелерді қоспағанда, инвестициялық қарыздарды (кредиттерді) және олармен байланысты шартты міндеттемелерді жіктеу кезінде осы Ережеге 2-қосымшаның 1, 3-кестелері пайдаланылады.
76. Қарыздарды (кредиттерді) жіктеу кезінде осы Ережеге 2-қосымшаның 1-кестесінің 1-5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
77. Депозиттерді жіктеу кезінде осы Ережеге 2-қосымшаның 1-кестесінің 1, 2, 5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
78. Дебиторлық берешекті, бағалы қағаздарды жіктеу кезінде Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды жіктеуді қоспағанда, осы Ережеге 2-қосымшаның 1-кестесінің 1, 2, 5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
79. Ұйымның бағалы қағаздар портфеліндегі акцияларды жіктеу кезінде осы Ережеге 2-қосымшаның 1-кестесінің 1 және 5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
Шартты міндеттемелерді жіктеу кезінде осы Ережеге 2-қосымшаның 1-кестесінің 1, 2, 5-тармақтарында көзделген өлшемдер пайдаланылады.
80. Активтің (шартты міндеттеменің) жіктелу санаты тиісті өлшемдер бойынша активті (шартты міндеттемені) бағалау балының жалпы саны ескеріле отырып анықталады.
81. Провизиялар (резервтер) осы Ережеге 2-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес жіктеу санатына сүйене отырып және тиісті мөлшерлерде анықталады.
Салық салу мақсатында осы Ережеге сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) мына формула бойынша анықталатын коэффициентте түзетіледі:
Т
К = ------ мұндағы,
ЖЖТ
К - коэффициент,
ЖЖТ - түзетулерді ескере отырып салық кезеңі ішіндегі жылдық жиынтық табыс,
Т - салық кезеңі ішінде жиынтық жылдық кіріске қосылған (қосылуға жататын) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін және (немесе) Ұйымның Директорлар кеңесінің шешімін және (немесе) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру нәтижесінде пайда болған активтер бойынша алынған кірістер. Осы көрсеткіш Салық кодексінің 99-бабына сәйкес жиынтық жылдық кірістен алынып тастауға жататын кірістерді қамтымайды.
82. Қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы осы Ереженің 59-тармағында белгіленген тәртіппен анықталады.
83. Әдістемеде қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) - заңды тұлғаны, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қаржылық жағдайы былайша жіктеледі:
1) тұрақты - болған жағдайда, оның ішінде мынадай көрсеткіштер: қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы тұрақты; қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) төлем қабілеті бар; ақша ағыны қарызға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді; 3-қосымшаға сәйкес есептелген коэффициенттердің мәні жалпы қабылданған нормалар шегінде; бизнесті дамытуға жағымды нарықтық шарттары; нарықта жақсы бәсеке ұстанымы бар; ресурстар мен капитал нарығына қол жетімді, саны шектелген өнім берушілерге тәуелді емес, шарттың қолданылу мерзімі ішінде қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайын біршама нашарлатуға мүмкіндік беретін сыртқы немесе ішкі факторлар анықталған жоқ, қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) Ұйыммен өзінің міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі күмән тудырмайды; жағымды кредиттік тарихы бар;
2) қанағаттанарлық - болған жағдайда, оның ішінде мынадай көрсеткіштер: «тұрақты» сипаттамасына жақын осы санаттағы қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайы, бірақ оны осы деңгейде ұзақ уақыт бойына ұстап тұру ықтималдылығы төмен болып табылады; кірістердің, төлем қабілетінің деңгейі кредит беру басталғаннан бастап үш жыл ішінде борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейде; серпінде ақша ағындарының елеусіз азаюы байқалды, бұл ретте ағындар борыштың негізгі бөлігін жабуға мүмкіндік береді; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін шаралар қабылдайды; тауарларды, қызметтерді берушілердің және қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) өнімдерін тұтынушылардың шоғырлануының ең төменгі тәуекелі бар; қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қосымша ресурстарға қол жетімділігіне байланысты Ұйыммен өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігі күмән туғызбайды;
3) тұрақсыз - болған жағдайда, оның ішінде мынадай көрсеткіштер: қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) өз міндеттемелері бойынша мынадай факторлардың байқалуына байланысты Ұйыммен есептесе алмайды деген белгілі ықтималдық бар: қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) тұрақты және елеулі қаржылық жағдайының нашарлау белгілері бар; кірістердің, төлем қабілетінің деңгейі кредит беру басталғаннан бастап үш жыл ішінде борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейде; нарықтық үлесі төмендеді; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) қабылдайтын шаралар қаржылық жағдайды тұрақтандыру үшін тиімді болатынына сенім жоқ; қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) бір жылдан аспайтын мерзімге санация жарияланды; форс-можорлық мән-жайлар, сондай-ақ қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) материалдық зиян шектірген, бірақ оның қызметін тоқтатпаған өзге мән-жайлар орын алды;
4) өте қиын - болған жағдайда, оның ішінде мынадай көрсеткіштер: қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайының үнемі нашарлауы: төлем қабілетсіздігі, нарықтық ұстанымын жоғалтуы өте қиын деңгейге жеткізді; қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) бір жылдан астам мерзімге санация жарияланады; қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) банкрот деп танылды; қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) материалдық зиян шектірген және (немесе) өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін форс-можорлық мән-жайлар орын алды, қарыз алушыда (тең қарыз алушыда) кредиттік досье жоқ.
Жүз процент дауыс беруші акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын шоғырландырылған негіздегі ұлттық басқарушы холдингтің қаржы жағдайынан төмен жіктеуге болмайды.
84. Қамтамасыз ету сапасы былайша жіктеледі:
1) сенімді - жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 100 процент міндеттемелерін жабатын өтімділігі жоғары қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсанның ішінде қарыз (кредит) пайдалануға сыйақы алуға қажетті, сондай-ақ жеңілдік кезеңіндегі сыйақы бойынша, егер мұндай жеңілдікті Ұйым берсе), мыналар түрінде:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктер (кепілдемелері);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «А-» тобынан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктердін кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ+» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
кредитор банктің депозитіндегі ақша кепілі және/немесе кредитор банктегі кепілзат болып табылатын ақша;
мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің Үкіметтері және орталық банктері шығарған, Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ+» тобынан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздар;
монетарлық қымбат бағалы металдар;
Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты эмитенттерінің вексельдері;
Standard & Poor's агенттігі берген «А-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық холдинг не ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын заңды тұлғалардың кепілдіктері (кепілдемелері);
2) жақсы - осы тармақшада санамаланған қамтамасыз етуден тұратын және жиынтығы актив бойынша кемінде 70 процент міндеттемелерін жабатын қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін сыйақы алуға қажетті, сондай-ақ жеңілдік берілген кезең үшін сыйақы бойынша, егер осындайды Ұйым ұсынса).
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етуді бағалау кезінде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген "В+" тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің резервтегі аккредитивтері;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету үшін көзделген мүлік;
төлем қабілеті бар (қаржылық жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілдендірілген төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрінде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициент;
3) қанағаттанарлық - осы тармақшада санамаланған қамтамасыз етуден тұратын және жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 60 процент міндеттемелерін жабатын қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін сыйақы алуға қажетті, сондай-ақ жеңілдік берілген кезең үшін сыйақы бойынша, егер осындайды Ұйым ұсынса).
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етуді бағалау кезінде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктің резервтік аккредитивтері;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету үшін көзделген мүлік;
төлем қабілеті бар (қаржы жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілдік берілген төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor's агенттігі немесе осыған ұқсас Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктері берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі немесе осыған ұқсас Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктері берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрінде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан темен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктің резервтік аккредитивтері;
мүлік, оның ішінде бизнес-жоспарға сәйкес келешекте түсетін мүлік;
қаржы жылына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкердің міндеттемелерін өтеу және қамтамасыз ету үшін көзделген ақша;
төлем қабілеті бар (қаржы жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілдік берілген төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттігі берген «В» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері түрінде қамтамасыз етуге 0,8 коэффициент;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген жылжымайтын мүлік түрінде қамтамасыз етудің нарықтық құнына 0,7 коэффициент;
мыналар:
қарыз алушының дебиторлық берешегі;
қарыз алушының және/немесе кепілзат берушінің жылжымалы мүлкі; айналымдағы тауарлар түрінде қамтамасыз етуге 0,6 коэффициент;
4) қанағаттанарлық - осы тармақшада санамаланған қамтамасыз етуден тұратын және жиынтығы актив бойынша қарыз алушының кемінде 50 процент міндеттемелерін жабатын қамтамасыз ету (негізгі борыш және бірінші тоқсан ішінде қарызды (кредитті) пайдаланғаны үшін сыйақы алуға қажетті, сондай-ақ жеңілдік берілген кезең үшін сыйақы бойынша, егер осындайды Ұйым ұсынса).
Осы тармақшаны қолдану мақсатында қамтамасыз етуді бағалау кезінде қамтамасыз ету құнына мынадай коэффициенттер қолданылады:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтімділігі жоғары қамтамасыз етуге 1 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан темен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктің резервтік аккредитивтері;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкерлердің міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету үшін көзделген мүліктер;
төлем қабілеттілігі бар (қаржы жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілдік берілген төлемдер бойынша түсетін ақша;
Standard & Poor's агенттігі берген «В+» тобынан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor's агенттігі немесе осыған ұқсас Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктері берген «ВВ+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігі немесе осыған ұқсас Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктері берген «В+» тобынан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар түрінде қамтамасыз етуге 0,9 коэффициент;
мыналар:
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «ВВ-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің, оның ішінде Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің кепілдіктері (кепілдемелері);
Standard & Poor's агенттігі берген «В-» тобынан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service немесе Fitch рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктің резервтік аккредитивтері;
мүлік, оның ішінде бизнес-жоспарға сәйкес келешекте түсетін мүлік;
қаржы жылына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджеттердегі инвестициялық қарыздар (кредиттер) бойынша борышкердің міндеттемелерін өтеу және қамтамасыз ету үшін көзделген ақша;
төлем қаблеттілігі бар (қаржы жағдайы тұрақты) заңды тұлғалардан кепілдік берілген төлемдер бойынша түсетін ақша;