Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 565 Бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 820 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5423 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау ережесі (100.00 нысан) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау ережесінде (110.00 нысан):
17-тармақтың 2) тармақшасында «Жолдар» деген сөз «Жол» деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында «110.16 нысаны К бағанының» деген сөздер «110.16 нысаны І бағанының» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 3) тармақшасында «110.16 нысаны Т бағанының» деген сөздер «110.16 нысаны S бағанының» деген сөздермен ауыстырылсын;
48-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) салық кезеңінің түзету коэффициенті (-тері) (бұдан әрі - СКТК). Ол (олар) қолданылған жағдайда СКТК (СКТК1 және СКТК2) түзету коэффициентінің (-терінің) мөлшері белгіленеді.»;
«Шетелдік көздерден алынатын табыстар, салық салуда жеңілдігі бар елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялардың пайдасы немесе пайдасы бір бөлігінің сомалары. Төленген шет ел салығының және есепке жатқызудың сомасы - 110.16 нысанын жасау» деген 18-тарау осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.