ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы
куәландырған тіркеу ісi құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (сызбанұсқасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі- мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
Шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: (www.minjust.kz) «Ақпараттық материалдар» бөлімінде.
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;
3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтың үй-жайындағы стендтерде орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (сызбанұсқасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.
6. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес сот, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың салған дәлелді сұраулары бойынша ұсынылады. Өзге адамдарға көрсетілген ақпарат құқық иеленушінің келісімі бойынша беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) тіркеу органы куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілеуші құжаттардың көшіремелері бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беру) 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет алушыға өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.
10. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызмет көрсету жағдайлары көзделген орталық ғимаратында мемлекеттік қызмет алушының тұратын жері бойынша көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар, толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсетулерді алуы үшін:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салуды;
2) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты ұсынады.
Құқық қорғау, сот және атқарушы органдардың өз құзыретіне сәйкес өтініш берген жағдайларында және нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да жағдайларда, сұрау салуда ақпаратты талап етудің негіздері, сондай-ақ сұрау салған ақпаратты пайдалану мақсаты (нысанасы) көрсетіледі.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
12. Бланкілер күту залында арнайы тағанда орналастырылады не орталықтың консультанттарында болады, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында: www.con.gov.kz орналастырылады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызмет алушыға:
1) сауал салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. Дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді орталық инспекторы күн сайын «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат беріледі.
Бас тартқан кезде уәкілетті орган орталыққа мемлекеттік қызмет алушыға кейіннен берілетін, бас тартудың себебін көрсете отырып, хабарламаны және құжаттың төлнұсқасын жібереді.
Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды белгіленген мерзімде алуға өтініш білдірмесе, орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға беріп жібереді.
Дайын құжаттарды уәкілетті органнан орталыққа жеткізу курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.
17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына:
1) әдептілік;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;
3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;
4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі түсіндірілуі үшін және шағым арыз жазуға жәрдем көрсетілуі үшін мемлекеттік қызметті алушы телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталық басшыларына жүгінеді.
Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталық ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлары мен телефондары бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.
Орталық көрсеткен мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-ға беріледі.
22. Орталық қызметкерлері тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электрондық поштасының мекенжайы: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажет жағдайда мемлекеттік қызмет алушылар шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін немесе орталық қызметкерінің тиісінше қызмет көрсетпеуін растайтын құжаттарды қоса береді.
25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).
Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй.
«Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, www.con.gov.kz интернет-ресурсы.
«Жылжымайтын мүлік объектілері
жоспарын (сызбанұсқасын) қоса
алғанда, тіркеу органы куәландырған
тіркеу ісі құжаттарының
көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы
«Жылжымайтын мүлік объектілері
жоспарын (сызбанұсқасын) қоса
алғанда, тіркеу органы куәландырған
тіркеу ісі құжаттарының
көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары