«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген) (2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда  

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

 



«Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



1. Жалпы ережелер

 

«Жылжымайтын мүлігінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі -мемлекеттік қызмет) мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-орталық) арқылы аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының электрондық-цифрлық қолы бар (бұдан әрі- ЭЦҚ) болған жағдайда, «электрондық үкімет» www.e.gov.kz  (бұдан әрі -портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: (www.minjust.kz) «Ақпараттық материалдар» бөлімінде.

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2 - қосымшаға сәйкес орталықтың үй-жайындағы стенділерде.

4) порталда орналасады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.

5.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі:

1) орталықта жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігін туралы анықтама беру (электронды және қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.

2) порталда уәкілетті органның уәкілетті өкілінің электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электронды құжат түрінде жылжымайтын мүліктің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама немесе электрондық құжат ретінде мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлға және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Орталыққа жүгінген кезде:

1) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 20 минуттан аспайды.

2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

3) дайын құжаттарды алу кезінде ең ұзақ кезек күту уақыты 20 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету 20 минут.

8.Мемлекеттік қызмет көрсету тегін көрсетіледі.

9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет:

1) орталықта мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған, орталықта толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан күту залында көрсетіледі.

2) порталда жеке кабинетте көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi

 

11. Мемлекеттік қызметті алушылар немесе оның өкілдері (сенімхат бойынша) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін мынадай құжаттарды:

1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салуды;

2) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатын;

3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатын ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың  2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

порталда:

электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.

12. Орталықтарда бланкілердің бекітілген нысаны күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет-ресурсында www.con.gov.kz  орнастырылады.

Порталға жүгінерде осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында сұрау салу толтыру қажет.

13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Порталға жүгінерде электрондық сауалды мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінен» жібереді. Сауал автоматты түрде уәкілетті органға - таңдап алынған қызмет түріне сәйкес, тиісті мекенжайға жолданады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға мыналар:

1) сауал салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұралып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және байланыс телефоны көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы жүгінгенде порталдағы мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін, алған уақытын, күнін көрсете, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін (сұрау салу) сауал қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

15. Орталықта мемлекеттік қызмет алушыға дайын құжаттарды беруді орталық қызметкері «терезелер» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады.

Егер мемлекеттік қызмет алушы қызмет нәтижесіне көрсетілген мерзімде келмеген жағдайда орталық бір ай мерзімде оны сақтауды қамтамасыз етіп, одан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.

Дайын құжаттарды уәкілетті органнан орталыққа жеткізу курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

порталда мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетіне» жеткізіледі.

16.Орталық осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін мемлекеттік қызмет алушыға ұсынбаған жағдайда, құжатты қабылдаудан бас тартады.

Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсетіп, қолхат береді.

Уәкілетті орган жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беруден мынадай жағдайларда:

1) тиісті емес адам жүгінгенде;

2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмағанда;

3) құжаттар тиісінше рәсімделмегенде бас тартады.

Қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде уәкілетті орган кейіннен мемлекеттік қызмет алушыға беру үшін бас тартудың себебін көрсетіп, хабарламаны орталыққа жібереді.

Орталыққа құжат қайтарылған жағдайда орталық қызметкері мемлекеттік қызмет алушыны олар алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хабарландырады және уәкілетті органның ЭЦҚ куәландырған уәкілетті адамына мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауабы - электронды құжаттың қағаз көшірмесін береді.

Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды мерзімінде алмаса, орталық бір ай ішінде оларды сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;

3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;

4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелерi

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің және уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.

 

 

5. Шағымдану тәртібi

 

20. Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және шағымдарды дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген орталық басшыларына жүгінеді.

Шағым беру тәртібі туралы ақпаратты 1414 call- орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны бойынша, сондай-ақ осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін уәкілетті органдар басшысының атына беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.

22. Орталық қызметкерлері тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекенжайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22 тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Қажет жағдайда мемлекеттік қызмет алушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасыздығын және орталық қызметкерлерінің тиісінше қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді.

Портал арқылы жүгінгенде электрондық жүгінуді портал арқылы жібергеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға «жеке кабинетінен» уәкілетті органға жүгінуді өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізгені туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) жүгіну туралы ақпарат қол жетімді.

Уәкілетті органның жауабы «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ұсынылады.

25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).

Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады.

26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй.

«Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, www.con.gov.kz  интернет-ресурсы.

 

«Жылжымайтын мүліктің жоқ

(бар) екендігі туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы

 

 

«Жылжымайтын мүліктің жоқ

(бар) екендігі туралы анықтама беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымшасы

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары