«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген) (2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

  

 

«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



1. Жалпы ережелер

 

1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: (www.minjust.kz) «Ақпараттық материалдар» бөлімінде.

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтың үй жайындағы стендтерде орналасқан.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді (қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушыларға) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру жазбаша өтініш түскен сәттен бастап (құжаттарды қабылдау және беру мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) екінші жұмыс күнінде жүргізіледі.

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 20 минуттан;

3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан;

4) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызмет көрсеткені үшін төлем алым төлеген күні қолданылған бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды және уәкілетті органның есеп шотына қолма-қол немесе қолма-қолсыз нысанда енгізіледі.

Өзінің іс жүргізуіндегі істер бойынша прокуратура, сот органдарының, анықтау және тергеу органдарының, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың және кепілдің тізіліміне көшірмені тегін алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген басқа да тұлғалардың сұрау салуы бойынша төлемақы алынбастан кепілдің тізілімінен үзінді беріледі.

9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсебіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген, мемлекеттік қызметті алушының мекенжайы бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі.

Залда анықтама бюросы, күту креслосы, үлгі бланкілер толтырылған ақпараттық стенді орналасқан.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi

 

11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты және мынадай құжаттарды:

1) уәкілетті органның атауы, сұралып отырған ақпараттың түрі, мемлекеттік қызмет алушының (уәкілетті өкілінің) деректері, жеке тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы мен деректері көрсетілген жазбаша сауалды;

2) мемлекеттік қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесі;

3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты;

4) анықтама бергені үшін төлем туралы құжатты ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың  2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не орталықтың консультанттарында болады.

13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұралып отырған мемлекеттік қызмет көрсету түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылданағы туралы қолхат беріледі;

15. Дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.

16. Мемлекеттік қызмет алушыдан осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжатты қабылдаудан бас тартады.

Орталық қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқанда мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете қолхат береді.

Қызмет көрсетудің бекітілген мерзімінде уәкілетті орган кейіннен мемлекеттік қызмет алушыға (мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті өкіліне) ұсыну үшін орталыққа бас тартудың себебін көрсетіп хабарлама және ақпараттық қызмет үшін төлемақысын растайтын құжаттың түпнұсқасын жолдайды.

Төлемақысын растайтын құжатты мемлекеттік қызметті алушы ақпараттық қызмет алу үшін қайтадан сұрау бергенде немесе уәкілетті орган төленген соманы қайтару үшін ұсына алуы мүмкін.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау;

3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау;

4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелерi

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.

 

 

5. Шағымдану тәртібi

 

20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген орталық басшыларына жүгінеді.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты 1414 call-орталық қызметінің ақпараттық-анықтамалық телефоны бойынша немесе осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.

22. Орталық қызметкерлері тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.

23. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Қажет жағдайда мемлекеттік қызмет алушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасыздығын және орталық қызметкерлерінің тиісінше қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді.

25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).

Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады.

26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй.

«Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, www.con.gov.kz  интернет-ресурсы.

 

«Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы

мүлік кепілі бойынша анықтама

беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы

 

 

«Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы

мүлік кепілі бойынша анықтама

беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары