Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлайтын бағдарламаларды, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 Бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 253 бұйрығымен күші жойылды
«Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-1) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын бағдарлама берілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын оқу курсы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды арнайы даярлайтын біліктілік талаптар берілген бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануынан жиырма бір күнтізбелік күннен бастап күшіне енеді.