Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы
ҚР Президентінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 905 Жарлығымен күші жойылды
ҚР қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қараңыз
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі өз жұмысында осы Тұжырымдаманы басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметі өз шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.