«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 14 Бұйрығы (күші жойылды)

«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 14 Бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 230 бұйрығымен күші жойылды

 

Жоғары оқу орындарында оқу үшін анағұрлым дайындалған және дарынды үміткерлерді қабылдау рәсімін және іріктеуді қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5115 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 22 ақпандағы № 28 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:

46-тармақта:

«45» деген сан «50» деген санмен ауыстырылсын;

«, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55» деген сөздермен толықтырылсын;

«3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын;

2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Б. Жақыповқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.