«Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 Қаулысы (2010.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 Қаулысы

(2010.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.07. № 750 Қаулысымен бүкіл мәтіні бойынша «Индустрия» деген сөз «Экономикалық даму» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қауымдастығының кедендік одақ комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің (бұдан әрі - ет) кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі;

2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлу бекітілсін.

3) Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ет жеткізушілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар арасында тарифтік квоталар бөлінсін.

4) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға тарифтік квота шегінде ет импортына лицензиялар беруді жүзеге асырсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды және жеке тұлғалардың етті осы қаулыға қосымшаларда көрсетілген көлемде әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Ауыл шаруашылығы және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне өнім берушілер мен шығарылған елі бөлінісінде ет әкелудің нақты көлемі туралы ақпарат берсін.

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.

6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 2333 қаулысымен

бекітілген

 

Оларға қатысты тарифтік квоталар еңгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге

арналған тарифтік квоталарды бөлу

әдісі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі (бұдан әрі - Әдіс) сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретінде тарифтік квоталарды қолдану тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.

2. Осы Әдістің әрекеті ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен тіркелген орнына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар

 

3. Осы Әдісте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тарихи өнім беруші - бұдан бұрынғы кезеңде оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін алыс шетелден әкелуді жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлға;

2) жаңа өнім беруші - тарифтік квоталар енгізілген жылдың тікелей алдындағы жыл ішінде оларға қатысты тарифтік квоталарын енгізілген еттің кейбір түрлерін алыс шетелден әкелуді жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлға;

3) тарифтік квотаның көлемі - импортына импорттық кедендік баждардың квотаішілік ставкалары бойынша салық салынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарлардың саны;

4) бұрынғы кезең — тарифтік квота енгізілген жылдың тікелей алдындағы екі жыл;

5) уәкілетті орган - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган.

 

 

3. Тарифтік квоталарды бөлу

 

4. Тарифтік квотаны тарихи жеткізушілер арасында бөлу бұрынғы кезеңде әкелінген олардың импорты көлемінің үлес салмағы негізінде бұрынғы кезең ішіндегі импортының орташа көлемінде жүзеге асырылады.

Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квотаны бөлу тікелей бұрынғы жылы тарифтік квота енгізілген жыл ішінде әкелінген олардың импорты көлемінің 70%-ы үлес салмағы негізінде бұрынғы кезең ішіндегі импортының орташа көлемінде жүзеге асырылады.

5. Бұрынғы кезең ішінде импортының орташа көлемі бұрынғы кезең ішінде импортының нақты көлемінің қарапайым орташа шамасы ретінде есептеледі.

ҚР Үкіметінің 2010.25.12. № 1411 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Өнім берушілердің әрқайсысының есептелген үлес салмағы негізінде олардың әрқайсысы үшін тарифтік квотаның жалпы көлеміндегі тарифтік квота мөлшері айқындалады.

Өнім берушілердің тарифтік квоталар көлемінің нәтижелері деп үтірден кейін үш белгіге дейін математикалық дөңгелектелген сан түсініледі.

7. Өнім берушілер арасында бөлінетін тарифтік квота мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиіс:

1) алыс шетелден ет әкелуді жүзеге асыру;

2) әкелу көлемі 25 кг-нан кем болмауы тиіс.

8. Өнім берушілер арасында тарифтік квотаны бөлу олардың квотаны алуға қатысты тең құқылығына және меншік нысанының белгілеріне, тіркелген орнына немесе нарықтағы жағдайына қарай кемсітпеушілікке негізделеді.

9. Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған етінің импорты үшін тарифтік квотаны бөлу (СЭҚ ТН коды 0201) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтінімдер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.

 

 

4. Пайдаланылмаған тарифтік квотаның көлемін бөлу

 

10. Егер тарифтік квота көлемі бұрынғы екі жыл ішіндегі импорттың орташа көлемінен асып кеткен жағдайда, тарифтік квотаның бөлінбеген бір бөлігі тарифтік квота қолданысының 3 тоқсаны өткен соң осы Әдістің 4 - 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен бөлінеді.

 

 

5. Тарифтік квоталарды өнім беруші елдер арасында бөлу

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.07. № 750 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Тарифтік квота қажет болған жағдайда өнім беруші елдер арасында бұрынғы кезең ішінде көрсетілген елдер импортының көлеміне тепе-тең бөлінеді.

 

ҚР Үкіметінің 2010.21.07. № 750 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.12. № 1411 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тарифтік квоталар көлемін бөлу өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 2333 қаулысымен

бекітілген

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті

Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар

көлемін бөлу

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.25.12. № 1411 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 2333 қаулысына

қосымша

 

Ет жеткізушілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар арасында тарифтік

квоталарды бөлу