Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-ө Бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі бекітілсін.
2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С. Әбденов) осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2007 жылғы 19 шілдедегі
№ 166-ө бұйрығымен
Бекітілген
Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының
еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді
бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және тиісті қызмет салалары мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қараудың бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
еңбектің үлгі нормалары (өндірім, уақыт, қызмет ету) - бұл жұмыстардың бірыңғай технология бойынша жекелеген элементтерін немесе кешендерін орындауға, жабдықтарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ тиімді ұйымдастыру-техникалық жағдайларына қарай өндірістік, басқарушылық функцияларды орындау үшін қажетті жұмыс орындарына жұмсалатын еңбек шығындарының регламенттелген мәні;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.