«2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 51 Қаулысы

2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 51 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-тармақшасына, 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоғамдық жұмыстарды 2010 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Созақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Еденбаева) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде, жұмыссыздарды келісіміне сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Мейірбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі:

С.Әбдіқұлов

 

Созақ ауданы әкімдігінің 2010

жылғы 5 ақпандағы № 51

қаулысына қосымша

 

Қоғамдық жұмыстарды 2010 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық

жұмыстардың түрлері мен көлемі

 

Қ/с

Әкімшіліктер бойынша

Жұмыстың түрлері

адам

саны

1

Шолаққорған ауылы әкімі аппараты мекемесі

Аймақты экологиялық көгалдандыру, көркейту жұмыстарына көмектесу

163

2

Созақ ауданы әкім аппараты мемлекеттік мекемесі

Аймақты экологиялық көгалдандыру, көркейту жұмыстарына көмектесу

15

3

Созақ аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

3

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.