«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 39 Қаулысы (2011.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 39 Қаулысы

(2011.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 29 қаңтардағы

№ 39 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы мен пайымдауы

 

Миссиясы: бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

Пайымдауы: жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт

 

 

2. Ағымдағы жай-күйді талдау

 

Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85 % білім беру бағдарламаларымен қамтылған. 4,5 млн. дерлік адам білім алуда. Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді. Білім және ғылым жүйесімен республика халқының 30 %-ға жуығы қамтылған.

Республика халқының 99,6 % - сауатты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының деректері бойынша, Қазақстан 2009 жылы адам дамуының индексі бойынша 82-орынға ие болып, адам әлеуеті дамуының жоғары деңгейлі елдерінің қатарына кірді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.