«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 42-ө Өкімі

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 42-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2010 жылғы 9 наурыздағы

№ 42-ө өкімімен

бекітілген

 

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы»

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы

қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі және сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

2.

Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы наурыз

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.