«2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-2 шешімі (2010.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-2 шешімі

(2010.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2010.01.03. № 25-2 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 2 809 803 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 427 722 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 3 109 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 250 мың теңге;

трансферттерден түсетін түсімдер - 2 378 722 мың теңге;

2) шығындар - 2 878 005 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру -23 145 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік несиелер - 23 145 мың теңге;

бюджеттік несилерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен болатын операциялар бойынша сальдо - 800, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 800;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 800;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -23 145 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 92 147 мың теңге.

2. 2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеттің түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 16-1 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қарастырылды.

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2010.01.03. № 25-2 шешімімен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.