Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 163 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 267 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 125, 75-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2010 жылғы 2 наурыздағы
№ 163 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 18 ақпандағы
№ 185 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары