Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 Қаулысы
(2011.02.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 10 ақпандағы
№ 81 қаулысымен
бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МИНИСТРЛІГІНІҢ 2010 - 2014 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Астана қаласы - 2010 ж.
Мазмұны
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері
7. Нормативтік құқықтық актілер және Мемлекет басшысының тапсырмалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің миссиясы:
Мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және денсаулық сақтау саласындағы қызметтер көрсетуді мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің пайымдауы:
Бәсекеге қабілетті салауатты ұлтты қалыптастыруға бағытталған тиімді денсаулық сақтау жүйесі