Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу
жөніндегі біліктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының»Байланыс туралы«және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңін iске асыру және байланыс операторларының магистральдық тораптардың желілiк ресурстарына және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының байланыс желілерiне қол жетiмділiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының