Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 586 Бұйрығы
(2009.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф.Қуанғановқа жүктелсін.
| Министр | Ж. Түймебаев |
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 586 бұйрығымен бекітілген
Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.