Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 265 Қаулысы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 265 қаулысына
қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі