«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 26-ө Өкімі (2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 26-ө Өкімі

(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды

 

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру мәселелері бойынша:

1. Мынадай:

1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда оған инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын үйлестіру жөніндегі функциялар жүктеле отырып, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығы (бұдан әрі - РБО);

2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалау топтары (бұдан әрі - Топтар) құрылсын.

2. Облыстарды, республикалық маңызы бар қала мен астананы үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңестері үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік басқару орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) ретінде инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын үйлестіруді жүзеге асырсын.

3. Инвестициялық жобалар:

осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Топтар;

осы өкімге 4-қосымшаға сәйкес Орталықтар арасында бөлінсін.

ҚР Премьер-Министрінің 2010.27.05. № 77-ө Өкімімен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:

Топтар мен Орталықтар қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын;

инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына тәуелсіз мониторинг жүргізетін ұйымды айқындасын.

ҚР Премьер-Министрінің 2010.27.05. № 77-ө Өкімімен (бұр.ред.қара); 2012.23.01. № 10-ө Өкімімен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Топтардың, Орталықтардың басшылары:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.