«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері, департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларын (көрсеткіштерін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 242 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері, департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларын (көрсеткіштерін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 242 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2339 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері, департаменттері және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторлары (көрсеткіштері) бекітіліп берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері, департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:

1) қосымшада көрсетілген нысаналы индикаторларға (көрсеткіштерге) қол жеткізуді қамтамасыз етсін;

2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне АӨК стратегиялық жоспарлауы және инновациялық саясаты департаментіне қосымшада көрсетілген нысаналы индикаторларға (көрсеткіштерге) қол жеткізу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. АӨК стратегиялық жоспарлауы және инновациялық саясаты департаменті ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне қосымшада көрсетілген нысаналы индикаторларға (көрсеткіштерге) қол жеткізу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы есеп берсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Қайратұлы Евниевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Күрішбаев

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің

2010 жылғы 8 сәуірдегі

№ 242 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.