2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола обыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4C-19-2 шешімі
(2010.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және облыс әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы № А-11/431 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола обыстық мәслихатының 2010.17.03. № 4C-22-2 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 90 588 659 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 7 616 866 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 42 450 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 82 929 343 мың теңге;
2) шығындар - 90 674 316 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 596 008 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредитттер - 1 243 888 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 647 880 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - - 2 777 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 777 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -678 888 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 678 888 мың теңге.
2. Облыстық бюджетке, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;