Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі
тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 110 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығымен 2018 жылғы 13 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 9 сәуірдегі
№ 110 бұйрығымен бекітілген
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде
қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 13-2-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленді және бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу (бұдан әрі - Тізілім) және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы тәртібін белгілейді.
2. Тізілімді осы Ережеге сәйкес жүргізуді, облыстар аумағында, Астана, Алматы қалаларында тіркелген, бағалаушылар палаталары (бұдан әрі - Палата) жүзеге асырады.
3. Бағалаушы туралы мәліметтер оның Палата мүшелеріне қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізіледі.
4. Жазбалар Палата мүшелерінің жеке істерінде бар құжаттарға сәйкес Тізілімге енгізіледі.
Палаталар бағалаушылардың екі тізілімін жүргізеді: жеке және заңды тұлғаларға бөлек.
5. Палатаның мүшесі Палата шешімінің негізінде Тізілімнен шығарылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.