Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 109 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығымен 2018 жылғы 13 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 13-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық оны алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2010 жылғы 9 сәуірдегі
№ 109 бұйрығымен бекітілген
Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу және осы т
ізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 13-3-бабына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Республикалық бағалаушылар палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізу (бұдан әрі - Тізілім) және осы тізілімде қамтылған ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру туралы тәртібін белгілейді.
3. Бағалаушылар палатасы (бұдан әрі - Палата) туралы мәліметтер оның Республикалық Палата мүшелеріне қабылдау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізіледі.
4. Палата Республикалық бағалаушылар палатасының шешімі бойынша Тізілімнен шығарылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.