«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 6 ақпандағы № 22/259 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV Заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2061 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2009 жылғы 26 желтоқсандағы № 206-207 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2010 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 56 880 023 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 26 781 256 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 031 383 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 391 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 29 129 993 мың теңге;
2) шығындар - 56 988 465 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 286 571 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 199 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 485 571 мың теңге.
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 404 200 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 404 200 мың теңге.
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 226 071 мың теңге.
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 226 071 мың теңге.
1) тармақшада:
мына жолдағы:
«Бейнеу ауданына» «100» саны «59,5» санымен ауыстырылсын;
«Маңғыстау ауданына» «58,3» саны» «0» санымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
мына жолдағы:
«Маңғыстау ауданына» «100» саны «0» санымен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
мына жолдағы:
«Маңғыстау ауданына» «100» саны «0» санымен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
мына жолда:
«Маңғыстау ауданына» «100» саны «0» санымен ауыстырылсын;