2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешімі
(2010.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV Заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010.06.02. № 22/259 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.03. № 23/271 шешімімен (бұр.ред.қара) (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.27.05. № 25/293 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.07. № 26/299 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.06.10. № 27/323 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.29.11. № 28/327 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2010 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 64 395 005 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 26 791 309 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 280 568 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 725 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 35 320 403 мың теңге;
2) шығындар - 64 365 695 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 763 244 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 304 714 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 541 470 мың теңге.
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 589 542 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 590 561 мың теңге,
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 019 мың теңге.
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 323 476 мың теңге.
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 323 476 мың теңге.