«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 23/271 шешімі

«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
 облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 23/271 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1.«2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2061 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2009 жылғы 26 желтоқсандағы № 206-207 санында жарияланған; «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 6 ақпандағы № 22/259 шешімі, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2064 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2010 жылғы 16 ақпандағы № 27 санында жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:

2010 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 58 582 812 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 25 702 205 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 2 023 363 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 391 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 30 855 853 мың теңге;

2) шығындар - 59 097 381 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 310 366 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 651 960 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 509 366 мың теңге.

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 474 828 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 474 828 мың теңге.

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 679 031 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.