(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2005.11.03. № 195...

Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 195 Бұрығы

(2007.28.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 104 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1827 тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Егіншілік департаменті (А.Қ.Евниев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

А. Есімов

 

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылығы министрінің

2005 жылғы 11 наурыздағы № 195

бұйрығымен бекітілген

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2007.28.05. № 355 бұйрығымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесі

 

Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында астықты қабылдау, өлшеу, тазарту, кептіру, сақтау және тиеп жөнелту бойынша операцияларды ресімдеу және есептеу тәртібін, сонымен қатар астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорындары арасындағы қатынастарды реттейді.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) тазарту актісі - астық есебін жүргізу мақсатында астықты қабылдау кәсіпорындарымен жасалатын құжат;

2) есеп-акт - астық иесіне жіберуге жататын астық және (немесе) астық қалдықтарының көлемін анықтау үшін астық қабылдау кәсіпорнымен жасалатын құжат;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.