«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 139 Бұйрығы (күші жойылды)

«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 139 Бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м. а. 2012 жылғы 17 тамыздағы № 386 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырдағы № 77 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесінде:

8-тармақта:

«сырқаттанушы (жүкті) адамға» деген сөздер «сырқаттанушыға және жүктіге» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұнда екінші абзацпен толықтырылсын:

«Сонымен қатар, академиялық демалыс бала күтіміне байланысты үш жылға дейін беріледі.»;

10-тармақта:

«білім беру ұйымының басшысы» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;

11-тармақта:

«білім саласындағы өкілетті органға» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.