Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 Қаулысы
(2009.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.07.11. № 1782 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Әзімханұлы Жарқынбаев Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |