Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесін бекіту туралы
ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 268 шешімі
(2007.10.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 22 бабына сәйкес ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты шешім етті:
1. Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесі бекітілсін, қоса беріліп отыр.
2. І сайланған Алматы қалалық мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі ХХІ сессиясының «Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесін бекіту туралы» (Алматы қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 1999 жылғы 3 ақпанда № 34 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О.Ю. Нам), Алматы қаласы әкімінің орынбасары Я.И. Заяцқа және Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне (Қ. А. Қоңырбаев) жүктелсін.
4. Осы шешім Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
III сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXIV сессиясының
| төрағасы
| О. Нам |
III сайланған Алматы қаласы
| мәслихатының хатшысы
| Т. Мұқашев |
Мәслихаты ХХІV сессиясының
2006 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 268 шешімімен бекітілген
Алматы қаласының аумағында құрылыс салу
Ережелері