Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 ақпандағы
№ 201 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-6-жолмен толықтырылсын:
«20-6. «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 289-жол алынып тасталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 1-жолмен толықтырылсын:
«Акционерлік қоғамдар»
1. «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы».
3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1-жолмен толықтырылсын:
«44-1. «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» акционерлік қоғамы».