2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1138 Қаулысы
(2009.15.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2009 жылғы 25 ақпан-6 наурыз кезеңінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Жергілікті атқарушы органдарға 2008 жылғы 1 шілде 2009 жылғы 1 сәуір кезеңінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату мен қайта құру және көшелерді қайта атау туралы ұсыныстарды енгізбеу ұсынылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.