Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлері және балық аулау әдістері тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 296 Бұйрығы
ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 240-Ө бұйрығымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағы 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар тізбесі және балық аулау әдістері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.